Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер білім мен ғылым салаларын дамыту үшін заңнамалық база қалыптастырмақ. Бұл мәселе тұңғыш рет Астанада өтіп жатқан Азия парламентаралық форумында талқыланды. 2 күн бойы 20 елдің сарапшыларцы жаһандану аясындағы білім, ғылым және инновация жөніндегі өз ойларын ортаға салмақ. Қатысушылар бұл мәселелер бойынша халықаралық байланысты нығайтуға келер жылы Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті жаңа серпін береді деген сенімде. Ол ғылым және технологиялар тақырыбында өтпек.

 

Бахтияр АЛИЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАН  ПАРЛАМЕНТІ ҒЫЛШЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ақпараттық қызметті жүзеге асыру үшін ортақ кеңістік құру қажет. Ол үшін алдымен тиісті заңнамалық базаны қалыптастыратын боламыз.  ИСЕСКО аясында парламентаралық, мемлекетаралық конвенцияларды құрастыруымыз керек. Бұл жастар ғалымдар, зерттеушілерге ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

 

Сейед Мохаммад ДЖАВАД АПТАХИ, ИРАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ

Қазақстан білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударып отырған аймақтағы алдыңғы қатарлы елдердің қатарында.   Сондықтан бұл форумның Астанада өткізілуі маңызды. Жиын барысында білім және инновациялар саласындағы ақпараттық байланысты нығайтуды көздеп отырмыз.

 

Форумның екінші күнінде аймақтық даму бойынша технологиялар мен инновациялар бойынша мемлекеттер арасындағы әріптестікті дамытумәселесі көтерілмек. Үндістан, БАӘ, Кот-д' Ивуар,     Марокко елдерінң тәжірибелері қаралады.

 

Сурет: sib-catholic.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер