Астанада автоспорттың бір саласы дрифттан Қазақстан біріншілігінің төртінші кезеңі өтті. Мыңдаған жанкүйер алдында өз шеберлігін паш еткен 29 үміткер ел чемпионы атануға ұмтылды. Жекелей жарыста іріктелген үздіктер, ұпай нәтижесіне қарай жұптасып сынға түсті.

 

Нұрпейіс Қонысбаев, ҰШҚСРД жоғарғы спорт басқармасының бастығы

Қазақстан Республикасы чемпионатының төртінші кезеңі, алғаш рет  Астанада осындай кең көлемде өткізіліп жатыр. Осындай кең алаңда. Үш облыстан 29 экипаж қатысуда, бұл жарыстың авто спорттың негізгі ерекшелігі уақытқа емес бал есебімен ұпай санымен есептелінеді.

 

Жыл сайын өтетін ел біріншілігінің былтырғы жеңімпазы Георгий Колядинов –тіс дәрігері. Көлік жүргізуді ермек санайды. 18 жасында скайлайнның бірін сатып алып, өзі жасақтаған. Чемпион биыл да үздіктер қатарында. 

 

Георгий Колядинов Қазақстан чемпионы

Мұнда екі рет бір бірінен аумайтын  жүрісті көрсетуің керек. Су тамшысындай ұқсас болуы шарт. Уақыт пен жылдамдық есепке алынбайды десе де болады. Төрешілер көлік қозғалысына қарап баға береді. Оңай емес.

 

Геннадий Шиповских ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Осыған қызығатын жастар өзі жаман қылықтарынан арылады. Мінеки машинаны үйренеді. әрбір адам болғаннан кейін өзінің хоббиі болады. сол хоббиіне байланысты адам өзінің бөлек уақытын бөледі яки жаман қылықтан аулақ болады.

 

Ұйымдастырушылардың да басты мақсаты - жүргізушілерді көлікті сауатты айдауға шақыру, жол қауіпсіздігін, жүргізу мәдениетін дәріптеу. 

 

Сурет: desktopwallpapers.org.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер