«Жібек жолындағы жүздесулер – «Орталық Азия: өңір халықтарының ынтымақтастығы мен келісімі». Қазақстан халқы Ассамблеясының осы жобасы Жетісу жерінде жалғасты. Топ мүшелері Шоқан Уәлиханов мемориалдық мұражайында болды. Ал Талдықорғандағы Тіл сарайында өткен жиынға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Голландия, Қытай елдерінен келген сарапшылар мен белгілі ғалымдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Халықаралық мәдениеттану жобасына биыл 10 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында ол Жібек жолы бойындағы елдердің достық байланыстарын нығайтуға, тарихи құндылықтарды сақтауға және мәдениетаралық диалогты дамытуға едәуір ықпал жасады.

 

ӘМІРЖАН ӘЛПЕЙІСОВ, Л.Н.ГУМИЛЁВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ

Жер жәннаты – Жетісуда өтіп отырған бұл сұхбатымыздың ерекшелігі сонда, бұл – Жібек жолының үсті, көне Жібек жолы. Бұл ұлыларды дүниеге әкелген, батыс пен шығысты байланыстырған. Қазіргі таңдағы батыс Қытай – Батыс Еуропа байланысы да осы көне Жібек жолымен жалғаспақшы.

 

МАРИКО ЦУНОКАКЕ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАПОНИЯ ЕЛШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Осы сұхбат арнайы мәдениеттану, яғни, Орта Азия аймағындағы мәдениет, адамдардың әртүрлі қоғамын көрсету үшін арнайы құрылып тұр. 10 жылдық сұхбат. Өте маңызды деп ойлаймын.

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер