Қазақстанның арнайы қызмет мамандары израильдік әріптестерінен террорлық акт, әскери қақтығыстар немесе төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренуде. Дәрісті Израиль әскерінде ұзақ жылдар қызмет етіп, әлемнің көптеген елінде құтқару операцияларына қатысқан Гэри Гросман жүргізді.

 

ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕШЕВ, ҚР ҰҚК "АРЫСТАН" ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл төтенше жағдай, әскери қақтығыстар болуы  мүмкін. Күнделікті өмірде де жол апаты секілді неше түрлі оқыс жағдайлар кездеседі. Сонда кезде қасымыздағы адамға қол ұшын соза алуымыз қажет.//

 

Алғашқы медициналық көмек көрсетуді тек арнайы қызмет мамандары ғана емес, қарапайым халық та білуі керек.  

 

ГЭРИ ГРОСМАН, "GLOBAL MEDICAL SERVICE" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /ИЗРАИЛЬ/

Мысалы, Израиль азаматтарының басым бөлігі төтенше жағдайда жарақат алған немесе атыс-шабыс кезінде оқ тиген адамға жәрдемдесе алады. Осының арқасында талай жанның өмірін сақтап қалдық.

 

Гэри Гросманның дәрісіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің және басқа да арнайы қызметтердің өкілдері қатысты. Енді олар жиында оқып білгендерін өзге әріптестеріне үйретеді.  

 

Сурет: csp.by

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер