Астанада Азия парламентаралық форумы өз жұмысын бастады. 2003 жылы Хельсинки қаласында алғаш рет өткен парламентаралық кездесу барысында ғылым, технология және инновация мәселелерiне арналған сұрақтарды парламентаралық кездесулерде талқылау жөнінде шешім қабылданды. Бүгін осы дәстүр Астанада өз жалғасын тауып отыр. Ғылым, технология және инновациялар төңірегінде пікір алмасып, тәжірибе бөлісу үшін 25 елдің парламент өкілдері, сарапшылары мен халықаралық ұйым мүшелері арнайы жетті. Форум 7 сессиядан тұрады. Ал, жиын соңында астаналық декларация қабылданады. Ауқымды шараның мақсаты - Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту саласында әріптестікті нығайту. 

 

Сурет: www.afppd.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер