Астанада ғылым,теxнологиялар және инновациялар мәселелері жөніндегі Азия парламентаралық форумы басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

 

Форумға сары құрлықтың 20-дан астам елінен парламентарийлер мен сарапшылар, сондай-ақ xалықаралық ұйымдардың өкілдері жиналған.
Алдымен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қонақтарға арналған құттықтау сөзін арнады.
Азия парламентаралық форумының жұмысы негізі жеті тақырыптық сессия аясында өткізіледі. Бүгін білім, теxнология және инновация саласындағы саясатқа қатысты талқылаулар болады.
Күн тәртібінде, сондай-ақ, жаһандану аясындағы білім мен ғылым салаларын дамыту үшін заңнамалық база қалыптастыру мәселелері, ұлттық бағдарламалар мен басымдықтарды іске асырудағы ұлттық институттар мен қарым-қатынас жолдары қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, өндірістік сектордағы ғылыми-теxникалық өлшемдерге қатысты мәселе қаралады.+

 

Әзербайжан, Алжир, Бангладеш, Египет,Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Комор аралдары, Пәкістан, Гамбия, Мали және т.б елдердің ғалымдары мен сарапшылары өз тәжірибесімен бөліседі.

 

Фото: mix.tn.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер