Ақмола өңірінде жаңадан бой көтерген индустриялды-технологиялық паркте  техниканың 25 түрін құрастыруға болады. Аймақта алғаш ашылған зауытқа Елбасы келіп, жұмыс барысымен танысты. Өндіріс орынның жұмысын бағалаған кейін, қоғам белсенділерімен кездесті.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Осыдан 25 жыл бұрын туған жас ұрпақ 25-ке келді. Оқуын бітірді. Жұмысқа кірісті. Барлықтары өз шаруаларын жасап, өмірін сүріп, байып, басқа елге жұмыс беріп, шаруасының бәрін бітіп жатыр. Сондықтан біз мемлекетті құрудың, оны дүниежүзіне паш етудің, дәрежесін көтерудің бір дәрежесін бітірдік деп санаймын. Ендігі кезде ары қарай жұмыс жасауымыз керек. Сондықтан Нұрлы жол бағдарламасы, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағдарламасы барлығы елдің игілігіне жасалып жатқан нәрсе. Осының бәрі татулықтың, бірліктің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Ол баршамыздың табысымыз.

 

Бүгінгідей аумалы төкпелі заманда елдің экономикасын тұрақты ұстап тұру қиынның қиыны. Мұнай бағасы құлдырап, металдардың құны арзандағанына қарамастан, Қазақстан халықтың әлеуметтік жағдайын еш төмендеген емес. Еліміздің дамуына Ақмола облысының да қосқан үлесі бар. Мәселен өткен жылы өңірге тартылған инвестиция көлемі 200 миллиард теңгеге жуықтаған. Сонымен қатар 17 мың отбасы жаңа пәтерге қоныстанған. Ақмола облысы астықты өлке болғандықтан, егін салып, субсидия алып тұрмысын түзеп жатқандар қаншама.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

четверть высококачественной пшеницы страны поставляете вы. Высококачественное мясо, молоко, яйцо, и другие сельхозпродукцию тоже. Промышленность тоже растет в регионе. Есть обрабатовающие, выпуск большегрузных автомобилей. Комбайны увеличелось. Производства увеличивается.

 

Жиын барысында Президент өңірдің туристік жайын да сөз етті. Алдағы жылы ЭКСПО көрмесіне дайындықты жеделдету керектегін айтты. Яғни Сұлу Көкше Астанаға жақын орналасқандықтан, қонақтардың дені осында аялдайды. Демек оларға сапалы қызмет көрсету үшін ешқандай олқылық болмауы шарт.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сюда приезжают сотни туристов. Я стараюсь развивать Щучинско Боровскую курортную зону. Там появилась впервые пятизвездочный отель. Дороги мы строим. В то же время нельзя давить экологию этого региона. Все должно быть очищено, чтоб озера были чистыми, экология была чистая. Сейчас вот в связи Экспо в следующим году мы ожидаем несколько миллионов туристов приедут. Они все поедут сюда к вам. А это очень важно. Надо к этому готовиться.

 

Өз кезегінде облыс әкімі өңір жетістіктері туралы баяндады. Мемлекеттің қолдауының арқасында осы уақытқа дейін 200 мың жұмыс орны ашылғанын хабарлады.

 

Сергей КУЛАГИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл ауыл шаруашылығындағы ішкі жалпы өнім 300 млрд теңгені құрады. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары. Жаңа технологиялардың нәтижесінде астықтың өнімділігі артты.  Мемеклеттің қолдауы арқасында  200 мың жұмыс орны ашылды. Жұмысссыздық 2,2 есе қысқарып, 4 процентті құрады. 2001 жылы бұл көрсткіш 11 пайыз болатын.

 

Спортшылар атынан сөз алған Дина Жоламан, облыста спортпен айналысу үшін  жағдай барын жетікізді. Соның арқасында бүгінде өзінің әлем чемпионы болғанын да жасырмады.

 

Дина ЖОЛАМАН, ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

Жеңіс тұғырында тұрғанымда, еліміздің әнұраны шырқалып, көкбайрағымыз желбірегенде, бойымды мақтаныш сезімі кернеді. Сондықтан көз жасымды тыя алмадым. Мен жиырма үштемін. Тәуелсіз Қазастанда туылдым. Осы ретте мені өсіріп, чемпион еткен еліме алғысымды айтқым келіп отыр."

 

Қазақстан спорттан әлем елдері арасында үздік отыздыққа кірді. Оны олимпиададағы жетістімізден аңғаруға болады. Президент ерінбей еңбек етсек алынбайтын асу болмайтынын айтты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер