Бүгін депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлер "Астана -таза қала!" жалпы қалалық сенбілігіне қатысып, Есілдің сол жағалауындағы Еңбекшілер көшесінен "Нұра" арнасына дейінгі аумаққа тал отырғызды. Халық қалаулыларымен бірге, Парламенттің өзге де қызметкерлері осы шараға бір кісідей атсалысып, әр Палата шамамен 200 көшеттен отырғызды. Сенбілікке қатысушылардың пікірінше, мұндай шара қаланың көркіне көрік қосумен қатар, тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін де арттыруы тиіс. 

 

Гүлмира ИСИМБАЕВА,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жылына бірнеше рет осындай сенбіліктер өткізіледі. Оған міндетті түрде Парламент Мәжілісінің депутаттары белсенді түрде қатысады. Парламент Мәжілісіне 159 түп ағаш бөлінген еді. Біз оны аз болады деп 200-ден аса ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Депутаттар түгелімен шықты, ауа райы тамаша, көңіл-күйіміз керемет.

 

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Соңғы кезде  әлемде орман алқабы азайып келе жатыр. Ал біз енді өзіміздің қолымызбен осы орманды, көк желекті  молайту ол бүгінгі және келер ұрпақтың борышы екендігін Елбасымыз бізге әрдайым ұғындырып келе жатыр. Тал отырғызу ол біздің ата-бабаларымыздың ұрпақтарымына аманаттаған   міндеттерінің бірі. 

 

 

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер