Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың орнықты даму және бейбітшілік бастамалары Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар ұйымы бас ассамблеясының 71-ші сессиясына да арқау болды. Оған еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты. Делегация басшысының сөзіне сүйенсек, әлемдік қауымдастық қазақстандық бастамаларға зор сенім артады. Бұның өзі, тәуелсіздіктің тікелей ықпалы. Ерлан Ыдырысов  2045 жылға дейін әлемді ядролық қарудан тазарту туралы елбасы ұсынысын да тілге тиек етті. Оны жүзеге асыру үшін әлемдік қауымдастық алдағы қараша айында Астана саммитінде бас қосып, стратегиялық бағыт-бағдарды айқындайды. Бұл ретте, Біріккен ұлттар ұйымының ресми құжатына айналған "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесінде тығырықтан шығар тиімді жолдар көрсетілді. Сондай-ақ, Ерлан Ыдырысов Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті. Дәстүрлі үйлестіру кеңесінде Ыстамбұл келісімінің мән-маңызына басымдық беріліп, өзекті мәселелер ортаға салынды. Гамбияның сыртқы істер министрімен саяси кеңестер жайлы меморандумға қол қойылды. Ал, Біріккен Ұлттар ұйымының бас кеңсесінде қазақстандық делегация АҚШ, Ресей, Австрия, Сирия, Ауғанстан, Иран және Жаңа Зеландияның ресми тұлғаларымен кездесті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер