Ақтауда «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл» патриоттар форумы өтті. Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналды. Жиынға этномәдени бірлестік мүшелері мен зиялы қауым өкілдері, білім, мәдениет, спорт қайраткерлері және студент жастар қатысты.  Көпшілік алдына шығып өз ойларымен бөліскен өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жетік меңгеру арқылы қандай жетістікке жеткендерін әңгімелеп берді. Олардың арасында өмірлік серігін жергілікті қазақ азаматтарының арасынан тауып,  шаңырақ көтергендері де бар. Айта кету керек, өңірдегі 117 мектеп пен 207 балабақшада сабақ қазақ тілінде жүреді.

 

 Виктория Гасангусейнова, форумға қатысушы

 

СНХ: Қазақ жерінде тұратын болғандықтан, барша тұрғындар, өзге ұлт өкілдері қазақ тілін меңгеруі қажет деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің арқасында көптеген жетістіктерге жеттік. Мұндай патриоттық форумдар, әсіресе, жастарға қажет деп ойлаймын.

 

Сурет: mangystau.gov.kz 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер