"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғалы бері бизнесті қорғауға қатысты 13 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл туралы палата басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов мәлімдеді. Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында саладағы түйіткілді мәселелер де сөз болды. Өз кезегінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас прокуратура және өзге де өкілетті органдармен шешімін таппай тұрған сұрақтарда кәсіпкерлерге қол ұшын созуға дайын екен жеткізді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлық пен рейдерлік әрекеттерге қарсы тұру жолдары да сараланды.

 

РУСТАМ ЖҮРСІНОВ "АТАМЕКЕН" ҰКП БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазірде жалған кәсіпкерлік жайы өзекті болып тұр. Сондай-ақ салық органдарының  қысымы мен аукциондардың әділ өтпеуі сынды мәселелер бар. Бұл ретте біздің нақты ұсыныстарымыз дайын. 

 

Сурет: palata.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер