Қазақстан Өзбекстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін астық пен ұн экспортын ұлғайтуға келісті.  Сондай-ақ екі ел аумағында тасымалданатын жүктерге  ортақ жеңілдетілген тариф енгізу,  жеміс-жидек пен көкөніс таситын контейнерлік пойыздарды іске қосу және теміржол қызметіне жеңілдіктер жасау мәселелері қаралды. Сонымен қатар бірлескен кәсіпорындар құрып, ірі сауда үйлерін ашу мәселелері де талқыланды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин  Ташкентке жұмыс сапарымен барып, Өзбекстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар, инвестиция және сауда министрі Эльер Ганиевпен және Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Рустам Азимовпен және Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевпен кездесті. 

 

Сурет: gorlovka.today

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер