Шығыс Қазақстан облысының экологтары ауадағы зиянды қалдықтардың нақты мөлшерін анықтайтын есептегіштерді көбейтуді сұрап отыр. Қазір облыс орталығында 9 экологиялық бекет бар. Олар әр 20 минут сайын ақпаратты кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге жіберіп отырады. Онлайн режимде жұмыс істейтін құрылғы өндіріс ошақтарына жақын орналасқан. Алайда экологтар мұндай құрылғыларды қаланың барлық ауданына орнату керек дейді. Оның үстіне санаулы күндерден соң жылу маусымы басталады. Жылу орталықтары толық қуатына көшеді. Тұрғын үйлердің мұржаларынан түтін будақтайды. Ал қосымша 5-7 экологиялық бекет болса, аймақтың экологиялық ахуалындағы ауытқушылықтар дер кезінде анықталар еді дейді мамандар.

 

ГЕННАДИЙ КОРЕШКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Бізде Аблакетка, Сол жағалау, Защита аудандарында ауадағы зиянды қалдықтарды анықтайтын бекеттер жетіспейді. Шағын кәсіпорындар қатары күн санап өсіп келеді. Қазандықтардан, жанар май құю бекеттерінен және көліктерден бөлінетін газды қосыңыз. Жалпы  атмосфераны ластайтын өндірістің бәрі қатаң бақылауға алынуы тиіс.

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер