"Ирак пен левант" лаңкестік тобы Ирактағы АҚШ-тың әскери әуе базасына химиялық қарумен шабуыл жасады. Бұл деректі АҚШ армиясы штабтарының басшысы растап отыр. Оның айтуынша, содырлар атқан оқта ипирт газы болған. Олар бұған дейін де химиялық қару жасап, пайдалануға бірнеше рет талпынған. Бірақ осы жолы қолданылған зымыран қуаты едәуір күшті болған. Алайда шабуылдан жапа шеккендер жоқ. Айта кетейік, ипирт немесе қыша газы - әскерилерді бірден улап, денені немесе көз бен тыныс алу жүйесін күйдіріп жібереді. Алғаш рет оны Германия бірінші дүниежүілік соғыс кезінде Ипр қаласында пайдаланған. Содан бері газдың бұл түрі Ипирт аталады.

 

Сурет: www.ntv.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер