Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Әуелі қайта жөнделіп жатқан әуежайдың тыныс-тіршілігімен танысты. Былтыр мұнда ұшып қону жолағы қалпына келтірілген болатын. Биыл жолаушылар терминалы қайта қалыпқа келтірілуде.

 

Биыл өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға қазынадан 23 млрд теңге құйылды. Қолдау қомақты. Оның сыртында мемлекет беретін субьсидиялар бар. Жанар-жағармай мен тыңайтқыштарға жеңілдік айтарлықтай. Шаруалардың ендігі міндеті дайын өнім шығарып, шаруашылықты әртараптындыру.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ауыл шаруашылығында 25 пайыз халық тұрады. Ал адам басына шаққанда өнім 800 мың теңге. Өндірісте 27 млн. Байқайсың ба 20 есе. Сондықтан ана шығарған өнімнің өнімділігін көтеру керек. Ол қалай, мынаы өңдеу керек, сатып, ұн ретінде, макорон ретінде алсаң осының өзі артады.

 

Жомарт ОМАРОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

Елбасының нұсқауымен жаңа көзқараспен қарап жатырмыз. Майлы дақылдарға көшіп жатырмыз. Өйткені,  экономикалық жағынан, бағасы жағынан өте тиімді. Жұмысы кішкене  әуресі көп болғанымен, баға жағынан көп ұтамыз.

 

Елбасы ауыл шаруашылығы теxникаларын да қарады. Егістікке пайдаланатын машинаның түрлері сан алуан. Отандық өнімдер де қойылған. Трактор, комбайндар. Президент солтүстік Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін де тамашалады. Облыс әртараптандыруға ден қойып отыр. Мұнда, астықтан жасалған өнімдерімен қатар, бал, кондитерлік тағамдар қойылған. Көрмені аралап болған соң мемлекет басшысы тауар өндірушілермен жүздесті.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Эти годы мы субсидировали, помогали, огоромное количество денег, что бы стали на ноги. Вопрос ВВП решили, теперь качество надо. 97 млрд только в этом году выделяется на диверсификацию. На орошаемы земли, на создание коперативов. По этому возраждаем коперативы. У нас тоже потребитель рядом. Россиские города рядом.

 

Диқандар астық жинауды ай соңына дейін бітіреміз деп отыр. Қазіргі таңда сотүстіктің сары алытына сұранысқа ие. Орталық Азия елдерімен Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталмақ. Бұдан бөлек, биыл көрші Қытай да қазақ астығын алуға ниет танытты.

 

Сондай –ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Петропавл қаласындағы спорт сарайында болды. Кешен  өткен жылы халық игілігіне тапсырылған болатын. Оның құрылысына ел қазынасынан 3 млрд. теңгеден  астам қаржы жұмсалынды. Қазіргі таңда мұнда мыңнан астам адам хоккей, күрес, мәнерлеп сырғанау,  көркем гимнастика, бокс және тағы да басқа спорт түрлерімен кәсіби түрде айналысады. Өңір тұрғындарының 30 пайыздан астамы бұқаралық спортпен шұғылданып отыр. Айта  кету қажет, тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде елімізде 35 мыңнан астам спорттық нысан бой  көтерген екен. Ал, бұдан соң Нұрсұлтан Назарбаев зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

 

Александр ВИНОКУРОВ, ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ:

Әрине Олимпиада жеңімпазы атанғысы келмейтін спортшы жоқ шығар. Сондықтан ол үшін  барлық жағдайлар жасалып жатыр. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының арқасы. Қазіргі таңда аталмыш кешенде 1200-ден астам азамат спорттың 10-нан астам түрімен шұғылданады. Бұл  жақсы көрсеткіш. Болашақта нақ осы жерден талай чемпиондардың шығатынын сеніммен айта аламын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер