ЭКСПО көрмесіне келетін қонақтарды тамақтандыратын мейрамханаларға байқау жарияланады. Көрме аумағында 30 мейрамхана мен 14-ке жуық қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету орны ашылады. Тағы 20 мейрамхана халықаралық павильондар аумағында жұмыс істейді. Байқау қазан-қараша айында басталады. Оған қазақстандық компаниялармен қатар шетелдіктер де қатыса алады. Басты талап, сапалы тағам мен бағаның қолжетімділігі,- дейді ұлттық компания өкілдері. Ал көрме аумағында орналасатын тамақтандыру орындары кәсіпкерлерге жалға берілмек.

 

АҚСҰЛУ АРЗЫҚҰЛОВА  - "АСТАНА ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қорытындысы келесі жылы дайын болады. Ақпан, наурыз айларында осы ресторандарға сәйкес орындардың барлығы арнайы дайындалады. Жалға алу ақысы осы қала көлеміндегі ақысынан қымбат болмайды.

 

Фото: www.sibexpo.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер