Экономикалық ынтымақтастықтың өрісін кеңейту қажет. Астанада Қазақстан-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Жиынға Қазақстан тарапынан Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Әзірбайжанның Энергетика министрі Натиг Алиев қатысты. Екі ел арасындағы сауда айналымы осы жылдың 6 айында 86,7 млн долларға жеткен. Бұл былтырға қарағанда, 63 пайызға көп. Яғни, сауда-саттық, алыс-берістің көлемі артып, экономикалық көпір орнаған. Жеткен жетістікпен тоқтамай, қос тарап та байланысты одан әрі жандандыруға дайын екендіктерін жеткізді. Бұдан бөлек олар енді энергетикалық жобаларды бірге зерттеуге мүдделі. Ауыл шаруашылығы, білім мен ғылым, туризм салаларындағы қарым-қатынас та жаңа деңгейге көтеріледі - дейді тараптар.

 

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Ақтауда порт тарифі теңгемен белгіленеді. Соңғы валюталық өзгерістерге байланысты баға құбылды.  Сондықтан, бұл мәселені заңнамалық тұрғыда шешуіміз керек. Өзім жағдайды жіті бақылауыма аламын. Келесі отырысқа дейін бұл жағдайды реттейміз деп ойлаймын.

 

 

 

Сурет: www.crossed-flag-pins.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер