Еліміздің кедендік бақылау қызметі автоматты жүйеге ауысты. Енді шекарадағы барлық алыс-беріс операциясы ортақ электронды желіде тіркеліп, қатаң қадағалауға алынады. Сәйкесінше, салықтан жалтарып, қаржыны қымқыруға жол берілмейді. Бұл туралы Астанада өткен осы сала жұмысының өзекті мәселелеріне арналған конференцияда айтылды. Оған жауапты орган кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдерін жинап, көкейтесті проблемаларды ортаға салды. Тығырықтан шығар тиімді жолдар да ұсынылды. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта қосымша құн салығының көлемі де азаяды. Ал, кедендік бақылаудың электронды жүйеге ауысуы - декларациялық амалдарды қысқартты. Тиісті тексерулер азайып, құжаттардың 30 пайызы шекарада берілетін болды.

 

Нұрлан РАХЫМҒАЛИЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Интернет информация бойынша бізге жіберсе, көріп тұрамыз. Бәрі шығып тұрады. Егер аналитика бойынша, жасыл каридорға кіріп тұрса, бітті оған еш рәсім қолданбаймыз. Егер құқық бұзғандар болса, бізде базада бар ол кісімен әрі қарай жұмыс жүргіземіз. Сондықтан тексеру жұмыстарының, алып тексеру қажеті жоқ. Ол тексеру жұмыстары пост-таможенный контроль дейді. Ішкі тексеру жүргіземіз. Шекарада тоқтатып, уақыт ұстамаймыз. Бір күн, екі жұма. Оны өткізіп, елімізге кірген бизнесмендермен жұмыс жүргіземіз.

 

 

 

Сурет: news.ivest.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер