«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» қостанайлық диқандардан 150 мың тонна бидай сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл шаруаларға көктемгі егіс жұмыстары мен орақ науқаны кезеңінде алған қарызын өтеуге мүмкіндік береді. Өңір диқандарының жалпы берешегі 6 млрд теңгеден асып жығылады. Шаруашылықтардың дені күзгі жиын-терім жұмыстарын әлі аяқтаған жоқ. Облыстың солтүстік аудандарында науқан созылып барады. Орақ қарқынына жауын-шашынның жиілеуі мен қолайсыз ауа райы кедергі келтіруде. Осыдан диқандар бидай сапасының кем дегенде 30 пайызға төмендеп кеткенін айтады. Шілде айындағы аптап ыстықтан кейін толассыз жаңбыр жауып, салдарынан алқаптағы дән тат, септориоз ауруларына шалдыққан. Осыған орай сатып алынатын бидайдың сұрып түрлері кеңейтілді. Ал өнімнің бағасы оның сапасына қарай реттеледі. Диқандар бидайдың тоннасына 30 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін ала алады.

 

Жанат ШАКУОВА, "АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ-ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ" ҰК АҚ ҚОӨ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

Шарт бойынша қарыз 3-ші класты бидаймен қайтарылсын деп белгіленген. Алайда қазіргі күрделі климаттық ахуалды ескере отырып, корпорация қарызды 4, 5-класты бидаймен немесе арпамен де өтеуге болады деген шешім қабылдады.

 

 

 

Сурет: kazakh-zerno.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер