Жетісу өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Өнімдерді Көксу қант зауыты қабылдайды. Кәсіпорын күрделі жөндеуден өтті. Оған 800 миллион теңгедей қаражат жұмсалды. Зауыттың қабылдау алаңына алғашқы 200 тонна өнімді Сарқан ауданының шаруа қожалықтары жеткізді. Зауыт ұжымы науқан барысында 200 мың тоннадан аса өнім қабылдап, одан 20 мың тонна қант өндіруге ниеттеніп отыр. Бұл аймақтағы тұрғындардың 40 пайызын қантпен қамтамасыз етуге жетеді, - дейді мамандар. Айта кету керек, бұл әзірге аймақтағы қант өндіруші жалғыз кәсіпорын. Келесі жылы Ақсу қант зауыты да қатарға қайта қосылады деген үміт бар. Биыл Алматы облысы бойынша 6,5 мың гектар жерге қант қызылшасының тұқымы себілсе, бұл көрсеткіш 2020 жылы 14 мың гектарға жетпек. Болжам бойынша, ол кезде Қазақстан қант өнімдерін өзге елдерге де сататын болады.

 

АЛТЫНБЕК АБАТОВ КӨКСУ ҚАНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біраз жаңа оборудованиялар қойып, Украинадан, Ресейден, Белорустен әкеліп сол бірінші этап модернизацияны бітіріп жатырмыз қазір. Осы айдың 28-інде зауытты жүргіземіз деп жоспарлап отырмыз. СКЛ. Қажет мазуты бар, тас, кокс бәрі дайын. Қазіргі енді мәселе – қант қызылшасын жинап алу.

 

ДАНИЛ АЛЁХИН, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұрын мен майбұршақ пен арпа себетінмін. Бірақ табысым онша болған жоқ. Сондықтан биыл қызылша ектім. Пайдалы екен. Енді оның алқаптарын ұлғайтып,  мол өнім алуға әрекет етпекпін. Бұдан мемлекетке де, маған да жақсы болады.

 

 

 

Сурет: lite.bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер