Жылыту маусымы қарсаңында жағымды жаңалық. Алматыда жаңа бу қазандығы іске қосылды. Нысан қаланы жылу және электр қуатымен қамтамасыз етуді 20 пайызға ұлғайтпақ. Жоба құны 25 млрд. теңге. Мұндағы жұмыстың барлығы автоматтандырылған. Басқару орталығында екі адам ғана отырады. Қазандық сағатына 480 квсағат электр қуатын өндіреді. Алматы-2  жылу-электр орталығы еліміздегі электр және жылу энергиясын аралас өндіруде ең ірі станция саналады. Негізгі отын Екібастұз көмір кенішінен алынады. Алдағы уақытта «Самұрық энерго» ақционерлік қоғамы орталықты көгілдір отынға ауыстыруды көздеп отыр.

 

Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқармасы төрағасы:

Бұл қазандық  Алатау ауданындағы  «Қолжетімді Баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған тұрғынүйлерді, Индустрияалды аймақ пен Универсиада нысандарын электр қуатымен  қамтамасыз ететін болады. Бұған қоса жылына 450 млн.кв/сағат электр қуатын өндіруге мүмкіндік бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер