Қазақ биінің шапаны мен төсбелгісі қандай болған? Астанада өтіп жатқан көрмеде құнды жәдігерлерді тамашалауға мүмкіндік туды. Мұнда Қазақстандағы сот билігінің тарихы мен қазіргі келбетінен сыр шертетін 50-ге жуық экспонат пен 200-ден астам сурет қойылған. Сондай-ақ, 1993 жылғы Конституцияның түпнұсқасы мен Елбасы қол қойған сот жүйесі бойынша заңдардың көшірмелері де бар. Шара еліміздің судьяларының 7 съезіне орай ұйымдастырылды. Тәуелсіздік сарайындағы көрме жұмысы 7 қазанға дейін жалғасады.

 

Әділ ҚҰРЫҚБАЕВ, ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Бүгінгі күні ҚР сот жүйесі басқа ТМД елдерімен салыстырғанда  әлдеқайда алда тұрғанын мақтанышпен айтуға болады. біз әлемдік стандарттарға сай  заңдарды жазуға тырыстық, жаздық. Солардың заңдарының шеңберінде ҚР сот жүйесі әлемдік стандарттарға сай сот жүйесіне айналып отыр деп айтуға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер