Алматылық Әбілтай Шайхов велосипедпен Астанаға аттанды.  Ол өмір бойы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен. Зейнетке шыққалы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап келеді. Ерекше сапарға ардагерді әріптестері, достары мен немерелері шығарып салды. Өзінің бұл бастамасын подполковник Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап отыр. 74 жасқа келсе де Әбілтай ақсақал күніне 100 рет кеудені жерден көтеру жаттығуын жасап, 20 шақырым жүгіреді. Ол 1 мың 225 шақырымды шама-шарқына қарай жүріп өтетінін айтады. Дәрігерлер жол бойы ардагер спортшының денсаулығын бақылап отырады.

 

Әбілтай ШАЙХОВ, ҰҚК АРДАГЕРІ:

Мен жаяу барам деп ойлағанмын. Дайындалғанмын. Бірақ соңғы кезде балаларым да, барлығы, жігіттер де айтты велосипедпен жүргенің дұрыс, өйткені күн суытып келе жатыр ғой. Жас кезімде 1-2 тепкенім бар. Онан қайтып тепкен жоқпын. Осы 3-4 күннің ішінде бәрін үйрендім.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер