Қазақстанның ірі қалаларында пошта және курьерлік қызметтерге деген сұраныс аз. Дегенмен өңірлер үшін өзектілігін әлі жоғалтқан жоқ. Астана және Алматы қалаларында бұл көрсеткіш өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 50-ден бастап жарты пайызға дейін төмендегенін көрсетсе, өңірлерде аталған салада қызмет көрсету бойынша өсім 14 облыстың 11-інде байқалып отыр. Бұл туралы energyprom.kz-ке сілтеме жасай отырып Kapital.kz іскерлік жаңалықтар порталы хабарлайды. Пошта және курьерлік компаниялар қазақстандықтарға 8 ай ішінде 17 млрд. теңгенің қызметтерін көрсеткен. Ал осыдан бір жыл бұрын аталған кезеңде бұл көрсеткіш 17,8 млрд. теңгені құраған.

 

Сурет: vechastana.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер