Егемендіктің еңселі сақшылары. Ақтөбеде осындай атаумен патриоттық әндер байқауы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігіне қарасты Ақтөбе заң инситуты мен Әуе қорғаныс күштері институтының курсанттары бақ сынады. Алдын-ала іріктеуден өткен 8 қатысушы Отан туралы әндер шырқады. Олардың да басым бөлігі - погон таққан нәзік жан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, патриоттық әндер әсіресе, жастардың жігерін жани түсті. Сақшылардың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттырады. Байқауға қатысушылардың барлығы да сый-сыяпаттан құр қалмады. Үздік өнер көрсеткендері алғыс хаттармен марапатталды. Шара жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. 

 

ДАРХАН САЛЫҚОВ  РҚ ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНЫҢ КУРСАНТЫ

4 жыл шамасында өлең айтып келемін, осы құқық қорғау саласында. Өлең айту өзіме ұнайды, ән өзіме жақын болғандықтан, ән айту сүйікті хоббиім, сүйікті ісім болып табылады. Б. Шүкеновтың «Отан-Ана» әні, Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» және «Көк тудың желбірегені» әнін өзім ойдағыдай орындап шықтым деп ойлаймын.

 

Сурет: mishred.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер