Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған соңғы мәліметтер бойынша, бүгінгі күнге дейін 4 млн. тонна астық жиналған. Гектар шығымдылығы – он жеті центнер. Биылғы ауа – райы бидайдың бітік бітуіне бөгет болды. Толассыз жауған жаңбыр оның сапасын нашарлатты.

 

ВЛАДИМИР ТРИКАЧЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ

Бидайдың сапасы бойынша, 4 – сыныпты астық жинап жатырмыз. 3 – сыныпты мүлдем жоқ. Бұл ауа – райының кесірі. Сондықтан оның бағасы арзандау болады.

 

Бұл – Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі элеваторы. Кешен күніне 40 – 50 жүк көлігін қабылдап, зертханашылар сары алтынның сапасын сараптайды.

 

АЙНАГҮЛ ТҰРСЫНОВА, ЗЕРТХАНАШЫ

Бүгінгі күнге дейін 20 мың тонна бидай қабылдадық. Соның 2 – 3 мың тоннасы 3- класс. Қалғанның бәрі 4- класс. 4 – класстың клейковинасы 18 – 20, ылғалдылығы енді 14, 15,5, натурасы кішкене төмен болады.

 

Орақ науқаны өз мәресіне жетуге жақын. Күзгі жиын – терімге 8 мыңдай комбайн жұмылдырылған. Биылғы бидайды 54 элеватор қабылдайды.

 

ҚАЙРАТ ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бидай құрғақ болғандықтан, шаруалар оны қоймаларына сақтап қояды. Ал элеваторларға 426 мың тонна ырыс дәні түсті. Оның 21% 3 – сыныпты. Бұл ылғалды астық.

 

Өңір диқандары ел қамбасына 5 млн. тоннадан астам астық құюды жоспарлап отыр. Ауа – райы ашық болса, қырдағы қарбалас қыркүйектің соңына дейін аяқталуы тиіс.

 

Сурет: www.vestifinance.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер