Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі азаюы мүмкін. Әділет министрлігі тиісті кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындап жатыр. Құжатты дайындау барысында мемлекеттік орган қоғамның пікіріне құлақ асуды жөн санаған. Яғни, еліміздің кез-келген азаматы не үкіметтік емес ұйым өкілдері әлеуметтік желілер арқылы және қоғамдық тыңдауларға қатысып өз пікірін білдіріп, ұсыныс жасай алады. Бүгінгі күнге дейін әкімшілік айыппұл мөлшерін төмендету, ескерту жасау қолданысын кеңейту, іс жүргізу уақытын қысқарту секілді мәселелер бойынша нақты ұсыныстар қабылданды. Кәсіпкерлер үшін де жағымды жаңалық бар. Құжат қабылданса, қандайда бір себептермен лицензиясы тоқтатылған субьектілер межелі мерзімді күтпей, құқық бұзушылықты жойған уақыттан бастап ісін жалғастыра алады. 

 

ДАРХАН ИГЕМБАЕВ ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢНАМА ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

1700 құрамның ішінен 300-ден астам әкімшілік құқы бұзушылық туралы құрамдар бойынша әкімшілік айппұлды қысқарту туралы ұсыныстар енгізілді. Соның ішінде нақты 70-тен астам құрам бойынша шешім қабылданды. Әкімшілік айыппұл азаяды деген. Ең жиі жүріп жатқан талқылаулар ең бірінші жол жүру ережесі бойынша анықталатын құқық бұзушылықтар туралы.

 

Сурет: astana.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер