Биыл еліміздің 5 өңірінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының кәсіп ашуына арналған жоба қолға алынған болатын. Ол Ақтөбе облысының Алға ауданында жүйелі түрде іске асырылуда. Алғалықтар мал басын көбейтіп, бөдене өсіріп, пайда табуға кіріскен. Сәуле Жаманбаева қанатқақты жобаға қатысып, 5 жылға 2 млн. тенге несие алыпты. Оған көрші Ресейден 1 мың бөдене балапанын сатып алды. Қазір жұмыртқаларды инкубаторға салып, көбейтіп отыр.

 

СӘУЛЕ ЖАМАНБАЕВА, БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫ

Енді болашақта ойымыз енді әйтеуір көбейту санын 10 мыңға дейін апару. Бұл бағдарламамен алған несие өте тиімді. Жеңілдігі бар.

 

Әзірге құстарды жалға алған нысанда күтіп баптауда. Арнайы дәрумендермен байытылған жемді Орынбордан тасымалдайды. Бөдене жұмыртқасының медицинада дәлелденген, пайдасы мол. Бастысы, ауылда жұмыссыз жүрген жандарға бұл бағдарлама үлкен қолдау болып отыр. Жобаға  биыл 761 ауыл тұрғыны қатысыпты.

 

ТЕМІРЛАН САДЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Нәтижесінде 604 шағын мал бордақылау алаңдары, 25 сүт қоныс жайлары, 35 өсімдік шаруашылығы және екі қоян өсіру, 2 сүт қабылдау бекеттері ашылды. Бүгінгі таңда халық белсенді.

 

Облыста несие беруге 2 млрд 310 млн. тенге бөлінген. Жыл басынан бері қаражаттың 80 пайыздан астамы игерілді. Несие алғандардың дені мал басын көбейтіп, шағын жылыжайлар салып, көкөніс өсіріп, өздерін сапалы өніммен қамтып отыр.

 

Сурет: azh.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер