Бүгін Қазақстанда бірінші рет қазақстандық интернет қолданушылардың іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне арналған, Google тапсырысы бойынша TNS Infratest компаниясымен жүргізілген 2016 қосылған тұтынушылардың сауалнамасы жаңа зерттеуінің нәтижелері ұсынылды.

 

Зерттеудің деректері бойынша, қазақстандықтардың 65%-ы смартфон қолданушысы болып табылады. Бұл көрсеткіш посткеңестік кеңістіктегі ең үлкендердің бірі болып табылады. Бұл ретте 25 жасқа дейінгі және 35 жасқа дейінгі жас адамдардың арасында бұл сан одан да жоғары – аталған жас санаттарында қазақстандықтардың тиісінше 91%-ы және 85%-ы смартфондарды қолданады. Орташа есеппен бір қазақстандыққа Интернетке қосылған 2.1 құрылғы келеді.

 

 

Қазақстандықтар өздерінің смартфондарын белсенділіктің алуан түрлері үшін қолданады – ең көп тарағандары: онлайн-видео көру - 47%, әлеуметтік желілер - 46% және ақпарат іздеу – 41% .

 

 

Зерттеу көрсеткендей, қазақстандық интернет-қолданушылардың 86%-ы күн сайын онлайн режимінде болады. Аталған көрсеткіш бойынша да 25 жастан 35 жасқа дейінгі топ көш бастап тұр. Зерттеуге қатысушылардың арасындағы 25 жасқа дейінгі онлайн-қолданушылардың 93%-ы, 25-34 жастағылардың 94%-ы Интернетті күн сайын қолданады. Жасы үлкен қолданушылардың арасында Интернетті күн сайын қолдану деңгейі айтарлықтай жоғары екендігін айта кеткен жөн – 55 жастан асқан 66% адам интернетке күн сайын шығады.

 

 

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға жауап берушілердің 76%-ы ақпарат іздеу үшін бірінші кезекте Интернетке жүгінеді. Интернет қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады – көрермендердің 82%-ы теледидар көрген уақытта өздерінің смартфондарын қолдануды әдетке айналдырған, ал 35 жасқа дейінгі телекөрермендердің 47%-ы теледидар көрген уақытта екінші құрылғыдан онлайн режиміне кіреді.

 

Сурет: www.osp.ru

 

 

Қазақстандық Интернет қолданушылардың 37%-ы айына кем дегенде бір рет қандай да бір өнімдер туралы ақпарат іздейді. Ал 35 жасқа дейінгі қазақстандықтардың 27%-ы тауарлар туралы ақпаратты өздерінің смартфонында компьютердегідей жиі іздейді. Одан бөлек, 35 жасқа дейінгі жас санатындағ адамдардың көпшілігі – 88% салыстырғанда 57% - жиі компьютер емес, смартфон пайдаланады.

 

 

Видеоны онлайн көру қазақстандықтардың арасында ең көп тараған белсенділік болып табылады, бұл ретте ең жоғарғы көрсеткіш 35 жасқа дейінгі жас тобында – 35 жастан кіші интернет-қолданушылардың 86%-ы видеоны кем дегенде аптасына бір рет көреді, ал 78% - өздерінің смартфондарының экрандарынан онлайн-видеоны апта сайын көреді.

 

Қазақстандықтардың 77%-ы Интернетті жеке мақсаттары үшін қолданады. Бұл ретте смартфондарды бизнес үшін де, жеке мақсаттары үшін де қолданады: 58%-ы тек жеке мақсаттары үшін ғана, ал 24%-ы жеке және бизнес мақсаттары үшін қолданады.

 

 

Зерттеу кезінде TNS Infratest әлемнің 61 еліндегі 60 000 аса адамға сауалнама жүргізді. Қазақстанда зеттеу 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі аралықта жүргізілді, іріктеу – 1000 сұхбаткер 16+ жаста, телефон арқылы және жеке сұхбат түрінде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер