Қазақстандық әскери қызметшілері парашютпен топтасып секіруді және белгіленген нүктеге дәл түсуді пысықтады. Алматы маңындағы «Первомайский» әуе айлағындағы жиынға Аэроұтқыр әскерлері мен арнайы бөлімшелердің іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің әскери қызметшілері қатысуда.

 

Серікболат Кеңес, 48/386 әскери бөлімінің қызметшісі:

Осындай сборларға жылына 2-3, 4-5 рет келіп тұрамыз. Ол біз үшін өте маңызды. Қарсыластардың арт жағынан вертолеттан секіріп шабуыл жасауға бұл өте ыңғайлы жаттығу болып саналады.

 

Әскерилер 2,200 метр биіктіктен секіріп, тәжірибелерін шыңдады. Еліміздегі Парашюттік даярлық орталығы 2011 жылы құрылған. Содан бері жүздеген жауынгер әскери өнердің осы түрін меңгеріп шықты. Парашютшілердің салмағы 48 келіден аз болмауы тиіс. Әйтпесе жел алып кетуі әбден мүмкін. Кіші Сержант Айгүл Молдалиева 2008 жылдан бері әскери қызметте. Офицер бүгін 195-ші рет парашютпен секірді.   

 

Айгүл Молдалиева, Іздестіру-құтқару тобының мүшесі:

Бәрі жақсы болды. Ұшқаным да, қонып келгенім де. Мына парашюттің бір жақсы жері осындай кішкентай салмақты адамдарға өте лайықты парашют. Шайқамайды.

 

Болашақта Қазақстанның әскери қызметшілері парашютпен секіргенде итті бірге ала жүрмек. Бұл із кесу және құтқару операцияларының тиімділігін арттырады, дейді әскерилер.

 

 

 

Сурет: karasov.livejournal.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер