Оралдықтар корей халқы күз айында атап өтетін «Чхусок» мейрамында бас қосты. Бұл күні корейлер мол дастархан жайып, ұлттық тағамдарын әзірлейді. Қайтыс болған туыстарын еске алып,  жақындарымен жүздеседі.  Күзгі жиын-терім науқанынан соң өткізілетін мерекеде егін орағының нәтижесі қорытындыланады. Айта кету керек, биыл өңірде орақ науқаны сәтті аяқталды. Жалпы көлемі 214 мың гектар алқапқа дән сепкен диқандар 300 мың тоннадай өнім жинады. Молшылықты меңзейтін «Чхусок» мерекесін  лайықты өткізуге өңірдегі барша этномәдени орталық өкідері атсалысты.

 

Максим ПАК, ОБЛЫСТЫҚ КОРЕЙ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Корейлер тумысынан бағбандыққа жақын ғой. Түрлі жеміс-жидек пен көкөніс өсіргенді, жер өңдегенді жандары қалап тұрады. Міне, күз келді. Бұл жыл бойы төккен теріміздің нәтижелері белгілі болатын кезең. Әрі бұл мейрамның тәрбиелік маңызы да зор. Үлкендерге құрмет көрсетіп, батасын аламыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер