Қоғамдық кеңес – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан, оның мүмкіндіктерін молынан пайдаланып, тұрғындардың талап-тілектерін орындауға барынша күш салуымыз керек, - дейді ақмолалық депутаттар. Бұл туралы еліміз бойынша алғаш рет Көкшетауда өткен жергілікті қоғамдық кеңестердің форумында айтылды. Жиынға 300-ден астам халық қалаулысы мен мәслихат хатшысы қатысты. Олар осы кезге дейін атқарған жұмыстарын саралап, алдағы уақытқа белгіленген жоспарларымен бөлісті. Айта кетейік, Ақмола облыстық қоғамдық кеңесі құрылғалы бері 200-ге жуық мәселені қараған. 

 

Валерий СИМЧУК, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Қоғамдық кеңестің халық арасында өзіндік рөлі бар. Себебі, тұрғындар бізге арыз-шағымдарымен келеді. Біз де олардың мәселелерін барынша оң шешуге тырысамыз. Мысалы, бір ғана Ақкөл ауданының өзінде осы 7 айдың ішінде бірқатар жолдар жөнделіп, бірнеше әлеуметтік нысан іске қосылды. Спорт алаңқайлары салынуда. Жергілікті бюджет те қоғамдық кеңестің келісімінсіз бекітілмейді. 

 

 

 

Сурет: media.e-akmo.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер