Қазақстанға жыл сайын 300 мың мигрант келіп, заңсыз еңбек етеді. Бұл туралы елордада Орталық Азиядағы көші-қон мәселесін реттеуге арналған жиында айтылды. Оған еліміз бен Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан, Ауғанстан және Тәжікстан мемлекеттерінен білікті мамандар қатысты. Олардың сөзіне сүйенсек, заңның ала жібін көбіне Ресей мен Өзбекстан азаматтары аттайды. Себебі, бұған көші-қон мәселесінің біркелкі реттелмей тұрғаны себеп.

 

Деян КЕСЕРОВИЧ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШІ-ҚОН ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Жалпы, мигранттарға қатысы көзқарасты өзгерту қажет. Оларды заңсыз немесе заңды деп емес  реттелетін және реттелмейтін мигранттар деп бөлген жөн. Өйткені, мигранттар бір елдің шекарасына кірген кезде өткізу бекетінде-ақ мәліметтер базасына тіркеледі. Менің ойымша, бұрынғы Кеңес одағы құрамынан шыққан елдер көші-қон проблемасымена күш салуы қажет. Егер бір мемлекет нақты жұмыстарды қолға алса, онда оның әсері келесі елге білінетіні анық. 

 

 

 

Сурет: www.kazpravda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер