20 жылдан кейін Орталық Азияда су тапшылығы 40 %-ға ұлғаюы мүмкін. Мұндай пікірді әлемдегі 230 су ресурстарына ғылыми-зерттеу жүргізген Дүниежүзілік банк сарапшылары мәлімдеді. Алматыда басталған "Су ресурстарының болашағы" атты халықаралық конференцияда трансшекаралық өзендердің мәселесі де талқыланды. Мысалы, Ресейден ағып келетін Жайық өзеніндегі су мөлшері бүгінде 40 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, Қытайдан келетін Қара Ертіс пен Іленің жағдайы да алаңдатады. Қазақстан көршілес елдермен бірнеше мәрте келіссөз жүргізгенімен, өзендерде су мөлшері ұлғаяр емес. Ал бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына және  экономикалық мәлелелердің туындауына әкеліп соғуда. Дүниежүзілік Банк сарапшылары су мен гидроэнергетиканы пайдалануда жаңа жүйе, жаңа технологиялар қажет дейді.

 

Әмірхан КЕНШІМОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДИРЕКЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең бірінші мемлекеттік бағдарлама бар ғой, суды басқару туралы. соны тезірек жүзеге асыруға тырысу керек. Ол енді 2040 жылға шейін. Бірақ, 2020 жылға дейін соның бір кезеңі өту керек еді. Соны істемей жатырмыз. Ешқандай жылжу жоқ қазір. Міне осыған атсалысу керек қазір.

 

 

 

Сурет: transfercentre.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер