Маңғыстау облысында итбалықтардың өліміне не себеп болғанын мамандар анықтайды. Оқиға болған жерге Ақтаудан шұғыл топ жетті. Олар қазірде ауа мен теңіз суының құрамын зерттеп тексеріп жатыр. Сараптама қорытындысы алдағы күндері белгілі болмақ. Мамандардың айтуынша, Каспийде кезекті экологиялық апат болды деп айтуға негіз жоқ.

 

Бауыржан ӘМІРБЕКОВ, ӨҢІРЛІК ЭКОЛОГИЯ  ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір олар сонда жұмыс жасап жатыр Итбалықтардың жаппай қырылу мәселесі тұрған жоқ. Оның себептері де әртүрлі болуы мүмкін. Бірден-бір себебі, браконьерлер ау салады, балық аулауға.

 

Еске салсақ, Форт-Шевченко қаласы маңындағы теңіз жағалауынан өлі  3 итбалық пен бекіре тұқымдас балықтар табылған болатын. Толқын жағаға шығарып тастаған теңіз жануарларын жергілікті тұрғын суретке түсіріп алған.

 

 

 

Сурет: earth-chronicles.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер