Солтүстік Қазақстан облысында астықтың 70 пайыздан астамы орылды. Гектарына 17 центнерден айналуда. Алайда, жер емген диқандар астықтың сапасына алаңдаулы.

 

Владимир Трикачев көктемде үш мың гектардан астам алқапқа ырыс дәнін сіңірген. Шаруа бүгінде оның жартысынан астамын жинап алыпты.

 

Владимир ТРИКАЧЕВ, ШАРУА:

Әзірге жиналған астықтың барлығы 4-ші сыныпты. Үшіншісін әлі кездестірген жоқпыз. Мүмкін алдағы уақытта болып қалар. Бірақ ауа-райы қандай мінез танытатыны белгісіз ғой.

 

Жауын-шашынның шамадан тыс көп болуымен тамыз айындағы аптап ыстықтың салдарынан өңірде биыл 4-5 сыныпты бидайдың көлемі артқан. Оның үстіне алдағы уақытта солтүстіктің сары алтынын шетел нарығына өткізуде де біршама қиындықтар туындауы ықтимал.

 

Айнагүл ТҰРСЫНБАЕВА, ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Биылғы бидайдың сапасы өте жоғары деп айта алмаймыз. Ол осы жаңбырдың ылғалдығынан. Біз міне осы зертханада бидайдың сапасын осылай зерттейміз. Екі келіден алып әрбір машинадан. Бүгінгі күнге дейін 20 мың тонна бидай қабылдадық. Соның 2-3 тоннасы ғана үшінші класс. Қалғанының бәрі 4-ші класс.

 

Қазір Солтүстікте жұмыстың нағыз қызған шағы. Диқандар күзгі дала жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарланып отыр.

 

 

 

Сурет: palata.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер