Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібінің тығыздығына қарамастан, Алматы облысына да  жұмыс сапарымен барды. Президент Талдықорғанға осыдан екі жыл бұрын келген. Ол кездегі көрініс қазіргіден  ерекше. Өйткені көп іс жүйесін тапты. Соның бірегейі -  Алакөл мен Балқаш көлінің туристік аймақ  ретінде дамуы. Қазіргі уақытта жаз мезгілінде онда баратын демалушылар саны артқан. Себебі,  көл аймағында инфрақұрылым жаңарып келеді.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Балқаш пенен Алакөлдің жағасын игеретін болсақ, туризмнің барлығы осында келеді. Әрине  Ыстықкөлде де бар, басқасы да бар. Ең Қазақстанның ортасында тұрған елдердің демалатын жері  болады. Халық білмейді. 5 жұлдызды гостиница бар, төрт жұлдызды гостиница бар. Денсаулыққа  жақсы көлі бар. Мынандай аурухана орталықтар бар.

 

Облыстың ауыл шаруашылығында жағдай жақсы. Әсіресе, қант қызылшасын егетін шарулар қатары жыл сайын артып келеді. Мәселен  былтыр өңір бойынша балтамыр алқаптары 3800 гектар болса, биыл бұл көрсеткіш 6800 гектарға жетті. Дегенмен соның өзі аздық етіп тұр. Өйткені қанттың 90 пайызын Қазақстан өзге елдерден алады.

 

АБУЛХАЙЫР БЕКСҰЛТАНОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Медициналық норма бойынша Қазақстан Азияда бір адамға медициналық  нормасы 20 киллограм болатын болса, бұл Қазақстанда 18 миллион адам халық болатын болса, оған  360-380 мың тонна қант керек. Ал енді біз биыл 20 мың тонна қант өндіреміз. Біздің облыстың  тұрғындары 2 миллион болатын болса, оған керегі 40 мың тонна болатын болса, тең жартасын біз  биыл қамтамасыз етеміз.

 

Облыс басшылығы 2020-жылы қызылша алқабын 14 мың гектарға жеткізіп, 57 мың  тонна қант өндіреміз деп отыр. Оны өңдейтін зауыттар да бар. Олар-Ақсу, Көксу, Қарабұлақ  аймақтарында орналасқан. Сөйтіп солардың күшімен облыстың қажеттілігін толық қамтымақ. Сонымен  бірге әкім соя өсімдігін өсіру де жанданып келе жатқанын жеткізді. Биыл 100 мың гектарға соя  егіліп, одан 240 мың тонна өнім алмақшы. Қазақстанды қамтып, шетелдерге де шығармақшы.

 

Президент «Текелі тау-кен байыту» зауытына да барды. Кәсіпорында жүріп жатқан құрылыс  жұмыстарын көрді. Жаңарған өндіріс орны осы жылдың аяғында іске қосылады. Жылына 400 мың тонна  шойын өндіруге қауқарлы.

 

Жетісу жерінде жүз мектеп, жүз аурухана бағдарламасы да сәтті жүзеге асып жатыр. Биыл  облыс орталығынан 300 адамға шақталған көпсалалы аурухана ашылды. Жаңа нысанның жұмысымен  Президент танысты. Ондағы дәрігерлер мен жүздесіп, хал-жағдайын сұрады.

 

Енді шет елден білімін жетілдіріп келген жастар, білген-түйгенін елінің игілігіне  жұмсайды.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорғандағы жаңадан ашылған оқушылар сарайында және жастарға қызмет көрсету орталығында  болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер