Қазақстанда қолданыстағы теңге банкноттарының үш түрі айналымнан шығарылады. Ескіріп қалған екі, бес және он мыңдық купюраларды Ұлттық банк 2016 жылдың 3 қазанына дейін халықтан қайтарып алмақ. Аталған мерзімнен бастап 2006 және 2011 жылдары басып шығарылған купюралардың күші жойылады. Бірақ айналымнан шыққан теңгелерді екінші деңгейлі банктер халықтан қабылдап, оларды ауыстыруға міндетті. Ал Ұлттық банк бұл қызметті 2020 жылдың соңына дейін жалғастырмақ. Банкноттарды қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзу болып саналады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер