Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің нақты мысалы. Алматыдағы №168 мектеп - мемлекет пен бизнестің тиімді ынтымақтастығының нәтижесі. 600 оқушыға шақталған білім ордасын елбасы аралап көрді. Президент нысанның материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, оқушылардың ата-аналарымен және педагогтармен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды жаңа оқу орнының ашылуымен құттықтап, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу жолында табыс тіледі.

 

Елбасы шаһардағы "Халық арена" спорт кешенінің жай-күйімен де танысты. 3 мың жанкүйер емін-еркін сиятын мұз айдыны хоккей турнирлерін өткізуге лайықталған. Қазақстан Президентіне көпфункционалды мұз айдынының одан әрі қолданылу перспективасы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев олимпиада жеңімпаздарымен және қаланың спорт қоғамдастығымен әңгіме құра отырып, Қазақстан өзін спорт державасы ретінде таныта білгенін айта келе, бұл жетістіктермен шектеліп қалмау керектігін де қаперге салды. 

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер