Ақтауда халықаралық мәртебеге ие болған жаңа солтүстік айлақта ирандық кемеге қазақстандық металдың бірінші жөнелтілімі жүзеге асырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов мәлім етті, деп жазады Tumba.kz. Айлақтан жөнелтілетін негізгі жүктер қатарында Қарағанды металлы, солтүстікқазақстандық бидай, арпа болмақ. Солтүстік айлақ үлкен кқлемдегі жүктерге арнап жарақталған, бір уақытта 80 мың тонна астық қабылдауға мүмкіндігі бар, ал Ақтау айлағында бір уақытта сол астықтың 30 мың тоннасын сақтауға арналған элеватор бар. Сондай-ақ солтүстік айлақтың крандары да қазіргі заманға сай. 

 

Сурет: 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер