Қазақстандық аккумуляторлар Қытай нарығына шығарыла бастады. Талдықорғандық зауыт ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономды округіне өнімнің алғашқы партиясын жеткізді. Кәсіпорын айына 250 мың дана аккумулятор шығарады. Мұнда барлық көлік түріне арналған және әскери техникаға қажетті аккумулятор жасалады. Осыдан бірнеше жыл бұрын зауыттың өндірістік бөлімі қайта жаңғыртудан өтті. Коммуникация желілері мен жабдықтар ауыстырылды. Енді кәсіпорын өнімдері халықаралық стандартқа сай шығарылады. Зауыттың 70 пайыз дайын өнімі экспортқа жіберіледі.

 

ЕСЕТ ҚАНАЕВ АККУМУЛЯТОР ЗАУЫТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өзіміздің Қазақстанның автомобильный производстваларына жібереміз. Онан кейін жақын орналасқан шелелдерге, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Армения, Украина, Белоруссия сол жақтарға жіберіп жатырмыз. Алыс шелелдердге Ауғанстанға былтырдан бері жіберіп жатырмыз. Бүгін қазір бір партия жинап өткізейін деп жатқанымыз Қытай республикасына жібергей жатырмыз.

 

Сурет: xlom.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер