Германияның білікті нейрохирургтері қызылордалық дәрігерлермен тәжірибе бөлісуде. Бас-ми, омыртқа, жұлын және жүйке жүйесін емдейтін мамандар 2 аптадан бері жергілікті клиникаларда шеберлік сабағын өткізіп жүр. Профессор Фритц Мильтнер мен доктор Ута Мильтнер омыртқаның қиын тұстарындағы жарықтар мен ісіктерді емдейді. Нейрохирургия мен невропатология саласында 40 жылдық тәжірибесі бар сарапшы-мамандарды шақыру «Даму» қоры қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстан мен Германия арасындағы шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі келісім аясында жүзеге асырылған бағдарлама медициналық кәсіпкерлікті дамытуға сеп болары сөзсіз. Неміс мамандары енді асқан шеберлікті талап ететін операциялар жасауды жоспарлап отыр. 

 

ФРИТЦ МИЛЬТНЕР, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР /ГЕРМАНИЯ/

Қызылордаға келгелі бері 100-ден астам науқас қабылдадық. 10 пайызына шұғыл операция жасау керек. Ал 90 пайызына жүзу, жүгіру секілді жаттығулар арқылы консервативті белсенді емдеу бағдарламасын ұсындық. Германияда да омыртқа аурулары көптеп кездеседі. Менің байқағаным сіздерде дәрігерлер арасындағы байланыс оң жолға қойылмаған. Сол жүйені қалыптастырса, емделуші адамды бірнеше дәрігер сан түрлі бағытта тексеруден өткізіп, кешенді ем-дом жасалса, нәтиже болары сөзсіз.    

 

Сурет: cctv.cntv.cn

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер