Қарағандының таза металлдар зауыты «Online Expo-2017» республикалық байқауында үздік атанды. Байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан 600-ден астам жоба түсті. Қарағандылық кәсіпорын "Энергиялық тиімділікті арттыру" аталымында үздіктердің бірі болды. Енді ол зауыт металлургиялық кремний өндіреді. Жаңа нанотехнологиялардың көмегімен рексил өнімі де шығарыла бастайды. Бұл - ағаш көмірдің бір түрі. Қазір зауыт рексилді сынақ түрінде шығарып жатыр. Кәсіпорын бастапқы кезеңде жылына 2 мың тонна кремний мен 3 жарым мың тонна рексил шығаруды,, жоспарлап отыр. Тиімді жоба қоршаған ортаны сақтауға бағытталған.

 

ВЛАДИМИР ЩЕБЕНТОВСКИЙ, ЖОБАНЫ БАСҚАРУШЫ:  

Рексил өндіру және электр қуатын өндіріп шығару барысында қоршаған ортаға зиянды заттар он есе аз бөлінеді. Бұл кез келген жылу электр орталығынан шығатын залалдан әлдеқайда аз. Біз электрқуатын көмірді жағу арқылы емес, рексилді өндіру барысында алынатын синтезгаздан аламыз. Ауаға бөлінетін залалдың мөлшері аз және күлдің  қалдығы болмайды.  Болашақта қалдықсыз өндіріске көшеміз.

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер