Өнімнің бір бөлігі солтүстік өңірлерге жөнелтілсе, артылғаны Ресей қалаларына экспортталуда. Бір ғана Қазығұрт ауданындағы шаруашылық қазірге дейін 150 тонна жүзім, 100 тонна алма мен 80 тонна алмұртты Ресейге жөнелтіп үлгерген. Жаз ортасынан бері бұл қожалық 500 гектар баудан 800 тоннадай шие, шабдалы және қара өрік жинап, сатып үлгерген. Шаруашылықтың жеке тәлімбағы, 2 мың тонна өнім сақтауға қауқарлы тоңазытқышы бар. Жергілікті 300 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

Нұрлан ҚҰРАЛОВ, ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

Мұның экономикалық рентабельності өте жоғары. Мысалы, 10 тонна алған күннің өзінде, гектарынан, қазір 250 теңгеден сатып жатырмыз. 2,5 миллион теңге әр гектарынан доход түсіп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер