Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында жаңа туристік жоба жүзеге асырылмақ. Өңірдегі Сибин көлі Өскеменнен 1 сағаттық жерде. Сондықтан мұнда, адам аяғы сиреген емес. Суға түсу маусымы көп өңірде жабылғанмен, Сибин көлінің жағасы әлі де ашық.  Табиғаты тамаша өлкеде биылғы жаздың өзінде 15 мыңнан астам адам демалған. Олардың тең жартысы - ресейліктер. Бұдан былай Ұлан ауданында туристерге қызмет көрсетудің сапасы жақсара түспек. Келесі жылы көлдің жағасы халықаралық стандартқа сай келетін, муниципалдық жағажайға айналады. Ал, қасынан этноауыл бой түзейді. Жобаны жүзеге асыру үшін 220 млн теңге қажет. Қазірдің өзінде жұмысты бастау үшін облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінді.

 

Дулат ҚАЖАНОВ, ҰЛАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл Өскемен-Сібе көлдеріне жол салу көзделген болатын. Ол қазіргі таңда салынып бітті. Жолымыз жақсы. Ендігі мақсат  - осы демалыс базаларында инженерлік инфраструктураларын құру.

 

 

 

Сурет: invest.e-vko.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер