Алып шаһар Алматыға - 1000 жыл. Көзтартар көркімен талайды таң қалдырған қаланың мерейтойы биыл ЮНЕСКО аясында аталып өтуде. Қыркүйек айының басынан бастап әртүрлі конференция, ғылыми форумдар мен көрмелер өтіп жатыр. Алматы атауы орта ғасырда қалыптасқан. Үлкен, орта және кіші Алматы өзендерінің бойында болған үш қала да Алматы деп аталған. 13 ғасырдағы «Алмату» деген жазуы бар тиынның табылуы ғалымдардың пайымын нақтылай түскен.

 

Арнабай НҰРЖАНОВ, АРХЕОЛОГ:

Аэрогефизика деген мамандық бар. Сол арқылы зерттеген кезде бұл қаланың аумағы 4 гектар. Орталық бөлігі. Ал енді ары жағындағы жалпы аумағы бұл 22 гектарды құрайды. Төрт гектар жерде бұл қаланың цитадель дейміз, орталық бөлімі осында орналасқан.

 

Алматы тарихы туралы жазба деректер моңғол, қытай, араб-парсы жазбаларында да бар. Ал фотоаппаратқа қатталған алғашқы ғимараттың бірі Ерлер гимназиясы. Басқа суреттер де қаланың кейінгі кезеңінен сыр шертеді.

 

Гауһар БЕКІШЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІ БӨЛІМНІҢ БАСШЫСЫ:

1937 жылғы қала көшесінде трамвай мен түйенің қатар келе жатқандығы. Бұл трамвайдың ең алғашқы пайда болған кезі осы Алматы қаласында. Сонымен қатар қазіргі Райымбек даңғылы, бұрынғы Ташкент аллеясы. Жол салу сәті. Мына суретте көріп отырғандарыңыздай Алматыдағы ең бірінші отарбаның пайда болғаны жөнінде.

 

Алматы еліміздің ғылым, өнеркәсіп, қаржы және сауда орталығына айналды.  Мәдениет пен өнердің тамырын терең жайған жері. Бүгінгі таңда мыңжылдық тарихы бар әсем қала заман ағымына сай дамып келеді.

 

 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер