Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» көрмесі ашылды. Шара тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отыр. Ел тарихына деген құрмет және жастардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған көрме бірнеше бөлімнен тұрады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Халық қаһармандары, Қазақстанның Еңбек Ерлері, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне арналған бұрыштар бар. Мысалы Бауыржан Момұшылының 1981-жылы түскен соңғы суреті, Қасым Қайсенов және Рақымжан Қошқарбаев секілді батырларымыздың марапттары, әскери киімдегі суреттері, құжаттарын көруге болады. Музейге келушілер Әбіш Кекілбаев секілді белгілі әдебиет және өнер қайраткерлерінің құнды жәдігерлерімен жақынырақ таныса алады. Ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың да ғылыми-зерттеу деректері көрмеге қойылған.

 

Марван ХАМИТОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Фото құжаттардан бөлек көрмеде заттық деректер де қойылған. Соның ішінде атап айтатын болсақ нөмірі бірінші ғарышкер қазақ Тоқтар Әубәкіровке президентіміз Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаевтың сыйға тартқан қол сағаты, содан кейін Талғат Мұсабаевтың Мир орбиталық ұшу кешенінде өткізген ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламасы, содан кейін Б Момышұлының әскери академияны бітірген дипломы сияқты көптеген шығармалары қойылған.

 

 

 

Сурет: strategy2050.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер