Қазақстандық машина жасаушылар Германия, Түркия және Татарстанның автоөндірісімен әріптестік орнатты. Сол арқылы өнеркәсіптің сан түрлі саласына қажетті көліктер құрастырыла бастайды. Осы мақсатты көздейтін меморандумға бүгін ІV қазақстандық машина жасаушылар форумында қол қойылды. Оған "Дамыған машина жасау - бәсекеге қабілетті Қазақстан" атты тақырып арқау болды. Дәстүрлі жиынға қазақстандық машина жасаушылармен бірге, 20-ға жуық мемлекеттен іскер топ өкілдері қатысты. Сәйкесінше, екіжақты әріптестікті арттыру жайы жан-жақты пысықталды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сала өкілдеріне арналған үндеуі жарияланды. Онда Елбасы отандық автоөндірістің Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы серпінді жобаларына қолдау көрсетті. Айта кетейік, индустрияландыру картасы бойынша еліміздің машина жасау саласында 88 жоба жүзеге асырылды. Енді өндірісте мұнай-газ және теміржол көліктерін жасауға ерекше екпін берілді. 

 

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСРІ

Елімізде алғаш рет вагондар мен платформаларды лизингпен беру үшін 17 млрд теңге бөлінді. Сөйтіп, 30-ға жуық өндіріс орны ауқымды жұмысты жүзеге асырып жатыр. Бюджеттен тағы қаржы қаралады. Мұнай-газ саласында да ірі жобалар іске қосылады.

 

МЕЙРАМ ПІШЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

2015 жыл отандық кәсіпорындарға қиын кезеңдер болды. СОны біз жаңа талқылап өттік. Сол қиындықтан өтіп, биыл өндіріс өсіп жатыр. Ең бастысы экспорттық тауралар: мұнай-газ машина жасау саласы, электро техника шығаратын сала дамып, экспорт 139 пайызға өсіп жатыр. Сол секілді жалпы өндіріс 2 пайызға қосылып жатыр.

 

Сурет: cargolink.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер