Қарағанды қаласында елімізде баламасы жоқ заманауи наубайхана ашылады. 400 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорын күніне 80 тонна нан өнімдерін пісіретін болады. Зауыт жыл аяғында іске қосылмақ. Әзірге құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Наубайхананың құрылысына пайдаланған барлық материалдар отандық өнім дейді - зауыт басшылығы. Ал нан пісіруге арналған заманауи құрылғылар - Германия, Италия, Болгария және Словакиядан әкелінген. Кәсіпорын жұмыскерлеріне барлық жағдай жасалған. Айта кету керек, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыс орындары қарастырылған. Мамандардың айтуынша бұл әлемдік стандарттарға сай заманауи зауыт болмақ. 

 

Валентин Каракалюк,  наубайхананың бас директоры:

Алғашқы кезеңде біз  нан өнімдерінің 25 түрін шығарымыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар түрлі кондитерлік өнім дайындаймыз.  Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 80 тонна нан-тоқаш және 3 тонна кондитерлік өнім шығарылады.

 

Сурет: www.souztour.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер