Алматыда жүрек қан-тамырларына жедел-күрделі операция жасайтын екінші қалалық орталық ашылды. Кешенге жергілікті бюджет есебінен құны 250 миллион теңге болатын ангеограф аппараты сатып алынған. Аппарат жаңа әдіс бойынша ота жасауға мүмкіндік береді.

 

СӘКЕН АНАРТАЕВ, ИНТЕРВЕНЦИОНДЫҚ КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл әдіс қан-тамыр арқылы, жүрекке кеудені ашпай, тек сон артериасы, болмаса білек артериясы арқылы кіріп жасалатын операция. Ол кезде науқас өз есінде болады. Ешқандай жалпы наркоз берілмейді. Бұл малоинвазивті операция болып табылады.

 

Шамамен екі миллион тұрғыны бар алып шаһарда жыл сайын 15 мыңға жуық науқас жүрек ауруымен емдеу мекемелеріне жедел жеткізіледі. Оның 4 мыңнан астамына коронографиялық ем қолданылса, 400 азаматтың жүрегіне ашық операция жасалады. Мұндай аурулар қала аумағының ұлғаюына байланысты көбейіп келеді.

 

ЖАДЫРА ШЕРИЯЗДАН, ҚАЛАЛЫҚ №7 АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көпсалалы ангеограф ашылды. Бұл қазіргі заманауи талаптардың бәріне сәйкес ангеограф болып табылады. Оған бөлінген қаржы жергілікті бюджеттен бөлінді. Бағасы 249 миллион 600 мың теңге.

 

Жүрек қан-тамырларын қалпына келтіру, стент орнату үшін ақылы қызмет көрсету бағасы 250 мыңнан 1 миллион теңге аралығында. Ал, қалалық 7- ауруханаға жедел жеткізілген науқастарға операция тегін жасалады. 

 

Сурет: kabov.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер